Ірі көлемде пара алған әкімнің орынбасары бас бостандығынан айырылды

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің орынбасары ірі көлемде пара алғаны үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Глубокое аудандық сотының мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың қазан айынан 2021 жылдың сәуіріне дейін аудан әкімінің орынбасары болып қызмет еткен айыпталушыға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес (ірі көлемде пара алу) іс қаралды.

«К. есімді азамат ЖШС-лардың бірінен жолдарды тазалау және күтіп ұстау жұмыстарына, сондай-ақ ауылдағы төтенше жағдайды жоюға аудандық бюджеттен ақша бөлгізіп бергені үшін 400 000 теңге көлемінде пара алған. Сотталушы қаражатты алып жатқан жерінен ұсталды», – делінген ақпаратта.

Сот үкімімен айыпталушы 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығын өмір бойына жоғалтты.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Back to top button