2 Қараша 2016, 14:17 1837 0 Қоғам Ақниет ОСПАНБАЙ

Күлекбаев өлім жазасына кесілді

Бүгін Алматыдағы сот отырысында судья Ерлан Болатов 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды. Алайда Қазақстанда осы санаттағы жазаға мораторий жарияланған. Бас прокуратура осы мәселеге қатысты түсініктеме берді.

Көпшілік өлім жазасына кесу мен оның орындалуын шатастырып жатады. Елімізді енгізілген мораторий өлім жазасын орындауға қатысты. Олай болса сот төрағалары өлім жазасына кесе алады, олар жеке абақтыға жабылады.

Мораторий енгізілбері елімізде 5 адам өлім жазасына кесілген.

Қазіргі таңда Қазақстанда өлім жазасына кесілген 100 шақты адам Қостанай облысындағы Жітіқара түрмесінде мерзімін өтеуде.

"Президент жарлығына сәйкес, елімізде өлім жазасына қатысты сот шешімдерін іске асыру тоқтатылды. Алайда заң бойынша судьяларға ондай шешім шығаруға шектеу жоқ. Соңғы рет Қазақстанда адамды өлім жазасына кесу туралы шешім он жыл бұрын, 2006 жылы шығарылған болатын", - дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мамандары.

Айта кетейік, Қазақстанда өлім жазасына мораторий жариялау туралы жарлық 2003 жылы желтоқсан айында күшіне енген болатын. Мораторийдің мерзімі шексіз. Алайда мораторий кез келген уақытта алынып тасталуы мүмкін. Осыған байланысты өлім жазасына кесілген азаматтар түрмеде ұсталады.

 

Соңғы жаңалықтар