Жұлдыз Өмірғали: Аманғалидың адамгершілігіне көңілім толмады

Әнші Жұлдыз Өмірғали «Егіз лебіз» жобасындағы жұбы Аманғалидың адамгершілігіне көңілі толмағанын «Жұлдыздың жары» бағдарламасында айтты.

«Менің жанымдағы жұбым менен гөрі әнші болып тұр деген пікірлер айтылды. Менде «7 жыл бойы сахнада не тындырып жүрмін?» деген сұрақ туды.  Екеумізден мен көбірек қатыстым, себебі ол Таразда болды. Вокалистерге барамын, дайындаламын, тональность сұраймын. Аманғали жауап берсе, жауап береді. Жауап бермесе, жауап бермейді.

Сахнада жүріп, рейтинг жасағанға ғана сенің көрінгенің жақсы болып тұрады. Ал егер олардың айтқанынан кішкене шығып кетсең, сені сызып тастайды. Адамгершілік тұрғысынан Аманғалиға көңілім толмады», – деп ағынан жарылды Жұлдыз.

А.Шахмардан

Back to top button