30 жыл бойы іздестірілген ресейлік қылмыскер Семейден табылды

30 жыл бойы іздестірілген ресейлік қылмыскер Семейден табылды

30 жыл бойы іздестірілген ресейлік қылмыскер Семейден табылды
ашық дереккөзі

Шығыс Қазақстан облысында 30 жылға жуық халықаралық іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды, деп хабарлайды zakon.kz.

Кісі өлтірді деп айыпталған ол 1992 жылғы ақпаннан бастап іздеуде болған. Осы уақыт ішінде ол Семейде әйелімен бірге тұрып, өзінің нақты деректерін жасырып, жалған есіммен жүрген, - деп атап өтті облыс ПД-да.
ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметовтің айтуынша, қылмыскерді Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.