Жаңалықтар

Түркістанда Низами Гәнжауи шығармаларының таныстырылымы өтті

ашық дереккөзі

Түркістанда Низами Гәнжауи шығармаларының таныстырылымы өтті

Түркістан қаласында Халықаралық Түркі академиясы Низами Гәнжауидің туғанына 880 жыл толуына орай «Шығыстың шоқ жұлдызы» атты алқалы жиын ұйымдастырды. «Фараб» кітапханасында өткен алқалы басқосуға Әзербайжан Милли Меджлисінің Спикері Сахиба Гафарова, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі, көрнекті жазушы Мархабат Байғұт, белгілі ақын Нармахан Бегалыұлы, Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Агалар Атамогланов, Әзербайжан Милли Меджлисінің депуттары, Қазақстан Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры Жанар Темірбекова, бауырлас елдердің мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Мәртебелі қонақты Академия басшысы Дархан Қыдырәлі күтіп алды. Басқосу Қарабақты азат ету соғысының басталуына 1 жыл толуына байланысты 44 күндік Отан соғысында қаһармандықпен шайқасып, елдің тұтастығы мен егемендігін қорғау жолында қайтыс болған жауынгерлерді құрметпен еске алып, бір минуттық үнсіз жариялаумен басталды. Бұдан кейін Дархан Қыдырәлі Академияның жаңадан әзірлеп шығарған Низами Гянжауидің «Жеті ару. Лейлі-Мәжнүн» жинағын таныстыра келе, лентасын қию үшін ортаға Әзербайжан Парламенті Меджлисінің спикері Сахиба Гафарова мен жазушы Мархабат Байғұтты ортаға шақырды.