Елімізде бір жыл ішінде 300-ден астам жаңа БАҚ пайда болған

Елімізде бір жыл ішінде 300-ден астам жаңа БАҚ пайда болған

Елімізде бір жыл ішінде 300-ден астам жаңа БАҚ пайда болған
ашық дереккөзі

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Ойшыбаев елімізде тіркелген бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты статистика жариялады.

"Елімізде 1 қыркүйекте 4919 БАҚ тіркелгенін, бір жыл бұрын 4550 БАҚ тіркелгенін айтқым келеді. Бір жылда 369 жаңа БАҚ тіркелген. Қазақстандағы БАҚ санының өсуіне қарағанда, елімізде медианың даму стратегиясы мен жолдары дұрыс бағытталған деп айта аламыз", - деді Кемел Ойшыбаев.
Сонымен қатар, вице-министр БАҚ жұмысына қатысты заңнаманы өзгерту жоспарларын бөлісті.