Көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыны бәріне бірдей беру мәселесі көтерілді

Көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыны бәріне бірдей беру мәселесі көтерілді

Көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыны бәріне бірдей беру мәселесі көтерілді
ашық дереккөзі

Елімізде көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыны бәріне бірдей беру мәселесі көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған мәселе бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихаты барысында қозғалды. Баспасөз конференцияның сұрақ-жауап кезінде тілші «Елімізде көпбалалы аналардың отбасылық табысына қарамастан әр бала үшін 4 АЕК көлемінде жәрдемақы төлеу енгізілді. Ендігі уақытта аталған жәрдемақыны бала санына қарамай барлық аналарға бірдей төлеу мәселесі қозғалып жатыр. Осы орайда министрліктің ұстанымы қандай?» деп сауал жолдады.
«Елімізде ана мен баланы қорғау бағытында қабылданған кешенді шаралар бар. Бүгінгі күні аналарға мемлекет тарапынан төлем жүктілік және босанған кезде беріледі. Сондай-ақ, туғаннан кейін бала күтімі бойынша 1 жыл бойы тағайындалады. Және бұл жәрдемақы барлығына бірдей төленеді. Көпбалалы аналар мәселесіне келсек, өткен жылы 4 және одан да көп баласы бар аналарға жәрдемақы төлеу жүйесі енгізілді. Оны енгізуде екі негізгі себеп бар. Біріншіден, елімізде бала тууды ынталандыру мақсатында. Айта кетер болсақ, 2019 жылы Қазақстанда көпбалалы ана саны 252 мың болса, өткен жылы ол көрсеткіш 428 мыңға жетті. Бір жыл үшін айтарлықтай жақсы көрсеткіш. Екінші себеп, көпбалалы отбасылардың табысын арттыру мақсатында тағайындалып отыр», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов өз жауабында.
Сондай-ақ, министр аталған жәрдемақының тек көпбалалы отбасыларға арналғанын баса айтып, барлық анаға теңдей жәрдемақы төлеу министрлік жоспарында жоқ екенін жеткізді.