Атырау облысында шаңды дауыл айдың аяғына дейін жалғасады

Атырау облысында шаңды дауыл айдың аяғына дейін жалғасады

Атырау облысында шаңды дауыл айдың аяғына дейін жалғасады
ашық дереккөзі

Атырау облысында шаңды дауыл қыркүйектің соңына дейін жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның Атырау облысы бойынша филиалы метеожағдай бөлімінің бастығы Гүлайна Мырзашеваның айтуынша, түнде ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.
«Соңғы күндері атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Индер ауданында екпіні секундына 17 метрге, өзге аудандарда секундына 15 метрге жеткен жел соқты. Ал, 28 қыркүйекте күндіз облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл сақталады. Құрманғазы ауданында жаңбыр жауады. Біздің болжамымыз бойынша облыс аумағындағы шаңды дауыл қыркүйек айының соңына дейін жалғасады» - дейді Гүлайна Мырзашева.