Дарынды суретші далада қалғалы тұр...

Дарынды суретші далада қалғалы тұр...

Дарынды суретші далада қалғалы тұр...
ашық дереккөзі
Бүгінгі дәуірде отбасының қаржылық жағдайына байланысты қиындыққа ұшырап жатқандар аз емес, әсіресе ондай мәселеде артық табысы жоқ өнер адамдарының жанайқайын жиі естіп жатамыз. Отбасына байланысты банкке қарыз болып, тығырыққа тірелген елімізге танымал белгілі суретші Балтас Санитасұлы Оспанов та соның бірі. Ол facebook әлеметтік желісіндегі парақшасына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі С.Ж.Шәпкеновке, Халықаралық бағдарламалар орталығы АҚ президенті А.Б.Кәрібозоваға жазған өтінішінде басында түскен ауыртпалық жайында былай деп баяндайды: Мен, зейнеткер ұстаз, Суретшілер одағының мүшесі,Оспан Балтас, балаларымның үйсіз қалайын деп тұрғандарына шыдамай, сіздерден көмек сұрап жазып отырмын. Кіші ұлым Оспан Бауыржан 2006-2009 жылдары Болашақ бағдарламасы бойынша АҚШ-та оқыды. Балы төмендеді деп стипендия төленбеген соң елге келді, әлі студент, 4 балалы әке. Оқумен қатар ағылшын тілінен сабақ беріп жүр. Оның оқуына кеткен 12 миллион теңгенің 5 миллионын төлеп, 7 миллионы қалғанда төлей алмай қалдық. Мен коксартрозға ота жасатып, жүре алмай қалдым, зейнеткер жұбайым қосымша бала оқытудың орнына маған қарайды, зейнетақы аласың деп инвалидность берілмеді, 23 жыл кезекте тұрып алған арендалық 2 бөлмелі пәтерде тұрамыз. Бауыржандар бізбен тұрып, көпбалалы болған соң, бала қарауға енесі келген соң, үлкен ұлым Оспан Жанел студент баласына деген 3 бөлмелі пәтерін уақытша тұруға берген. Ол пәтер Болашақта залогта тұр.Сол пәтерді ұлым сатуға қойды. Күте алмаймыз деп, Болашақ 29.09.21 ж. Атакенттегі 3 бөлмелі кірпіш үйді 14 миллионға сатпақшы. Пәтерді нарық бағасымен сатуға рұқсат етулеріңізді сұраймын.Алушы да бар, бірақ ертеде жабылған кредиттің залогы алынбай есімізді шығарып тұр.Соттың шешімін күтіп,өліп барамыз. Біреуі асықпай қинаса, біреуі асығып қинауда. Әділ шешім күтеміз! Р.S.Пәтер сұрап тұрғамыз жоқ, ақша сұрап тұрғамыз жоқ!  Көріп тұрғанымыздай, суретші Балтас Оспанов банк алдындағы қарыздан бас тартқалы отырған жоқ, тек өз үйін нарықтағы бағамен сатып, қарызын өтеуге мүмкіндік сұрап отыр! Ел басшылары қазақ өнеріне еңбегі сіңген дарынды азаматтың басындағы жағдайға оң көзімен қарап, мәселені дұрыс шешілуіне ықпал етеді деп сенеміз! Әйтпесе… ұлт руханиятының өркендеуіне зор үлес қосқан азаматымыз отбасымен далада қалғалы тұр!