Арбаға таңылған елордалық жігіттің әні жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Арбаға таңылған елордалық жігіттің әні жұрттың жүрегін елжіретті (видео)

Арбаға таңылған елордалық жігіттің әні жұрттың жүрегін елжіретті (видео)
ашық дереккөзі
"Қазақстан дауысы" жобасында ерекше азамат өнер көрсетті. Алтынбек Ақниет есімді елордалық жігіт өнерімен халықты баурап, тәлімгерлерді тәнті етті, деп жазды Stan.kz . Алтынбек Ақниет – Ақмола облысы Егіндікөл ауданының тумасы. Анасының айтуынша, Алтынбек дені сау бала болып дүниеге келген. Үшінші күні жамбас сүйектері сынып, 45 градусқа жылжып кеткен. Арбада отырғанына қарамастан, белсенді өмір салтын ұстанады. Әпкесі Әйгерімнің айтуынша, жүзеді, баскетболмен, тенниспен айналысады, фортепианода ойнайды. "Қазақстан дауысы" жобасының көрмей тыңдау кезеңінде Алтынбек "Аллаға шүкір" атты әнді шырқап, Сәкен Майғазиев пен Маржан Арапбаеваны өзіне қаратты. Өз кезегінде Майғазиев Алтынбектің өнеріне тәнті болып, көзіне жас алып қалды. Басын иіп, қолын алды. https://www.youtube.com/watch?v=ji6TdNBQYpA&t=380s&ab_channel=TheVoiceofQazaqstan "Сенің жан айғайыңды, Жаратушымен сырласуыңды сезгендей болдым. Брайан Макнайттың әні болғанымен, орындау мәнері мүлдем бөлек. Тұла бойымен бірдеңені жеткізе алмай тұрғанын сезгендей болдым. Шынайы болды", - деп бағалады ол. Ал Маржан Арапбаева: "Өте тамаша, ең бастысы, жүрекпен айттыңыз", – деп бағасын берді. Алтынбек Ақниет тәлімгер ретінде Сәкен Майғазиевті таңдады.