Ресейде ұшаққа жай түсті (видео)

Ресейде ұшаққа жай түсті (видео)

Ресейде ұшаққа жай түсті (видео)
ашық дереккөзі

Екатеринбургтен Сочиге ұшқан ұшаққа жай түсіп, Краснодар әуежайына мәжбүрлі түрде қонды. Жолаушылар сол сәті видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

25 қыркүйекте ZF347 рейсі жолаушыларды Екатеринбургтен Сочиге жеткізуі керек еді. Бірақ найзағайдың салдарынан курорт әуежайы ұшақтарды қабылдауды уақытша тоқтатты. Борт екінші айналымға шыққан, сол кезде оған найзағай түскен. Рейстің жолаушылары найзағай түскен сәтте салонда орын алған хаосты видеоға түсіріп, сондай-ақ ұшудан кейінгі "ұмытылмас" әсерлер туралы айтты.
"Мен бар білетін дұғамды есіме түсірдім. Мұны өмір бойы есте сақтаймын", - деді рейстегі жолаушы.
https://youtu.be/oZXCGZ9AAM8