Жаңалықтар

Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті

ашық дереккөзі

Елбасы Түркия Республикасының Ұлы Ұлттық Жиналысының спикері Мұстафа Шентоппен кездесті

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті М.Шентопқа Түркістан қаласында өтетін Түркітілдес елдердің Парламенттік ассамблеясының мерейтойлық пленарлық отырысында жемісті келіссөздер жүргізуіне тілектестігін білдірді, деп хабарлайды elbasy.kz. Елбасы отыз жыл ішіндегі Қазақстан мен Түркия арасындағы қатынастардың даму қарқынын атап өтіп, М.Шентоптан Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға ізгі тілегін жеткізуді сұрады.