Тәліптер сақал алуға тыйым салды

«Талибан» өкілдері Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында сәнді шаш үлгісін жасауға және сақал алуға тыйым салды, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы шешім Министрлік өкілдері провинция астанасы Лашкаргадағы ерлер шаштараздарының жетекшілерімен кездесуден кейін белгілі болды.

Шаш сәндеуге және сақал қыруға болмайды деген ұсыныстан басқа, шаштараздарға музыка қосуға тыйым салынды.

Бұған дейін «Талибан» қозғалысының басшылығы өз қатысушыларына демалыста селфи жасауға тыйым салған болатын.

Back to top button