Жамбылдағы жарылыс: қаза болған құтқарушылардың отбасы 20 млн теңге алады

Жамбылдағы жарылыс: қаза болған құтқарушылардың отбасы 20 млн теңге алады

Жамбылдағы жарылыс: қаза болған құтқарушылардың отбасы 20 млн теңге алады
ашық дереккөзі
Тараз қаласындағы жарылыс кезінде қаза тапқан құтқарушылардың отбасылары жалпы алғанда 20 млн теңге алады. Оған қоса, сақтандыру төлемдері жасалады, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. «Ұлттық мүдде» бағдарламасында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин биыл тамызда оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыс кезінде қаза болған қаһармандардың отбасыларына көрсетілетін материалдық көмек сомасы неден құралатынын баяндап берді. «Ел үкіметі тарапынан қаза болғандардың әрқайсысының отбасына 10 млн теңге аудару туралы шешім қабылданды. Соның ішінде 5 миллион теңге жергілікті бюджет есебінен аударылады. Біз ниет білдірген қызметкерлердің біркүндік жалақысын жинадық. Төтенше жағдайлар министрлігі қаражаты есебінен 5 млн теңге жиналған. Ем алуға мұқтаж жігіттерге көмек қоры да бар. Мемлекет тарапынан міндетті сақтандыру қорынан қаза болғандардың отбасыларына 60 айлық ақшалай нәпақа төленеді. Мұнда көптеген нюанстар бар, мұрагерлік құқық анықталса, олар бұл көмекті міндетті түрде алады», - деді сұхбат барысында министр.