Бейсен Құранбек атындағы «Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Бейсен Құранбек атындағы «Жігер-2021» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
ашық дереккөзі
Қазақстандық журналист, тележүргізуші, қоғам қайраткері Бейсен Құранбек атындағы «Жігер - 2021» сыйлығының иегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қатысты. «Жігер» байқауының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік бағдарлама» номинациясы бойынша жеңімпаздары: І орын - Сәния Байтарова, «Жетісу» телеарнасының редакторы («Арнайы хабар» «Меруерттің мұңы» шығарылымы); ІІ орын - Ерлан Мұқанов, «Ақтөбе» телеарнасының редакторы («Жігер» бағдарламасы); ІІІ орын - Индира Бектенова, «Қазспорт» телеарнасының бас редакторы («Әлемді мойындатқан Шардара» бағдарламасы). Жеңімпаздар диплом, «Жігер» естелік мүсіншесінің және қаржылай сыйақы иегерлері атанды: I орын – 1 000 000 теңге; II орын – 500 000 теңге; III орын – 300 000 теңге.