Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті

Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті

Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кетті
ашық дереккөзі

Ақтауда адам толы лифт шахтаға құлап кеткен.

"Aktau Plaza" ТК тұрғындарының айтуынша, 25 қыркүйек күні кешкі сағат 19:30-да адам толы лифт бірінші қабаттан шахтаға құлаған. Бақытымызға орай, ешкім зардап шеккен жоқ. Адамдар бір-біріне шығуға көмектесті, деп хабарлайды lada.kz.
- Лифтте нәрестелері бар жас аналар болды. Бұл не сұмдық? Бұл біздің үйде болып тұрған бірінші жағдай емес, - деп шағымданады үй тұрғындары.
Тұрғындардың айтуынша, жауаптылар бұл жағдай туралы біледі, бірақ ешқандай шара қолданбайды. Сондай-ақ, тұрғындардың айтуынша, үйдің жартысынан көбі шамамен бір жыл бұрын қоныстанған, бірақ олар әлі күнге дейін ешқандай құжат алмапты. Үйде тіпті газ қосылмаған.