Тәліптер аяқ-қолды шабу мен өлім жазасын қайта заңдастырмақ

Ауғанстандағы билікті басып алған «Талибан» қозғалысы қылмыспен күресу үшін бірқатар жаза түрлерін енгізетінін хабарлады. Атап айтқанда, құқық бұзушылардың аяқ-қолы шабылады және өлім жазасына кесіледі. Бұл туралы «Талибанның» негізін қалаушылардың бірі молла Нуруддин Тураби мәлімдеді.

«Қол шабу қауіпсіздік үшін қажет», – деді ол.

Нуруддин Тураби мұндай жаза қылмысты тежейтініне сенімді, деп хабарлайды Associated Press.

«Біз бейбітшілік пен тұрақтылық орнатамыз. Одан кейін ешкім оларды бұзуға батылы бармайды», – деп атап өтті Тураби.

Алайда жаза көпшілік алдында орындала ма, жоқ па, әлі белгісіз.

Мұның алдында «Талибан» Ауғанстанды билеген жылдары (1996-2001 жж.) кісі өлтіргені үшін өлім жазасы, ұрлық жасағандарға — қол кесу, тонағандарға — қол және аяқ кесу қарастырылған. Өлім жазасына айыптылардың туыстары қатысқан.

Back to top button