Азия чемпионаты: ҚР әйелдер құрамасы гандболдан 3-орын алды
Азия чемпионаты: ҚР әйелдер құрамасы гандболдан 3-орын алды
Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, – деп жазды Olympic.kz.
Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен жеңілген болатын.
Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24 есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.