Азия чемпионаты: ҚР әйелдер құрамасы гандболдан 3-орын алды

Азия чемпионаты: ҚР әйелдер құрамасы гандболдан 3-орын алды

Азия чемпионаты: ҚР әйелдер құрамасы гандболдан 3-орын алды
ашық дереккөзі
Қазақстан құрамасы Иорданияда гандболдан әйелдер арасында өткен Азия чемпионатында үшінші орын алды, – деп жазды Olympic.kz. Қазақстан құрамасы жарыстың қола жүлдесін Иран командасымен сарапқа салды. Маңызды кездесу 38:33 есебімен Қазақстан еншісіне шешілді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жартылай финалында Жапонияға 24:38 есебімен, ал Иран Оңтүстік Кореядан 24:38 есебімен жеңілген болатын. Финалда Оңтүстік Корея мен Жапония құрамалары кездесіп, 33:24 есебімен Оңтүстік Кореяның жеңісімен аяқталды.