«Jas Otan» бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін меморандумға қол қойды
«Jas Otan» бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін меморандумға қол қойды
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында, сондай-ақ «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы мақсатында «Jas Otan» Жастар қанаты мен «Street Workout» Федерациясы» РҚБ өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Аталған меморандумға қол қою бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін береді. Құжат - шеберлік сабақтарын, оқыту жаттығуларын және воркаутерлар арасында жарыс өткізу мүмкіндігін қарастырады.
Айта кету керек, 2016 жылы «Саламатты ұрпақ» партиялық жобасы аясында Жастар қанаты мен федерация еліміздің бірқатар өңірлерінде Street workout спорт алаңдарын салу мәселесін шешкен болатын. Бүгінгі таңда 80-ге жуық спорт алаңдары салынды. Осының арқасында Қазақстан Street workout танымалдылығының ең жоғары өсу қарқыны бар елдердің үштігіне кірді.