«Jas Otan» бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін меморандумға қол қойды

«Jas Otan» бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін меморандумға қол қойды

«Jas Otan» бұқаралық спортты дамытуға серпін беретін меморандумға қол қойды
ашық дереккөзі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру аясында, сондай-ақ  «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір! атты сайлауалды бағдарламасының орындалуы мақсатында «Jas Otan» Жастар қанаты мен «Street Workout» Федерациясы» РҚБ өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Аталған меморандумға қол қою бұқаралық спортты дамытуға жаңа серпін береді. Құжат - шеберлік сабақтарын, оқыту жаттығуларын және воркаутерлар арасында жарыс өткізу мүмкіндігін қарастырады.

Айта кету керек, 2016 жылы «Саламатты ұрпақ» партиялық жобасы аясында Жастар қанаты мен федерация еліміздің бірқатар өңірлерінде Street workout спорт алаңдарын салу мәселесін шешкен болатын. Бүгінгі таңда 80-ге жуық спорт алаңдары салынды. Осының арқасында Қазақстан Street workout танымалдылығының ең жоғары өсу қарқыны бар елдердің үштігіне кірді.

 width=

Төрағаның орынбасары Асылжан Бүркіталин атап өткендей: «Осы меморандум нәтижелерінің бірі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің30 жылдығын мерекелеу аясында «Дені сау – Ұрпақ» жобасын іске қосу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, орынбасардың айтуынша, осы жоба аясында жастар арасында Street workout бағытында өңірлік турнирлер, фестивальдер мен мастер-класстар, сондай-ақ «Jas Otan» Жастар қанатының кубогына арналған республикалық турнир өткізу жоспарлануда.

Өз кезегінде Қазақстандық «Street Workout» федерациясының президенті Ғабдолла Дүйсенбаев жыл сайын олардың қатарын өз денсаулығына бей-жай қарамайтын мыңдаған адамдар толықтыратынын атап өтті. Жастардың көбі воркаут бағытын таңдай бастаған.

- «Спортпен шұғылдану бірқатар мәселелерді шешеді, әсіресе қазіргі қоғамда өзекті, бұл зиянды әдеттерден аулақ болуға, жүрек-тамыр жүйесі ауруларының дамуын болдырмау және коронарлық аурудың айтарлықтай төмендеуі.

Қазіргі уақытта кез келген мемлекеттің бұқаралық спортты дамытудағы басты міндеттерінің бірі оны халық арасында тарату, және оны барлық жастағы адамдар үшін қолжетімді ету болып табылады», - деді Ғабдолла Дүйсенбаев.

Жалпы, Қазақстанда бұқаралық спорт түрлері жоспарлы түрде дамуда. Олардың арасында спорттың жаңа түрі — «Street Workout»  ерекше танымалдылыққа ие болып отырғаны қуантады. Көше спорты салауатты өмір салтын ұнататын жүздеген жастарды тартады. Таңқалтын жағдай емес, өйткені бүгінде тұрғын үйлер мен шағын аудандардың әр ауласында осы спорттүрімен айналысуға арналған спорттық жабдықтар мен алаңдар орналасқан.