Ангела Меркель бейнесіндегі ойыншық аюлар сатылымға шықты

26 қыркүйек, 2021 / Ділда УӘЛИБЕК
ашық дереккөзі
Ангела Меркель бейнесіндегі ойыншық аюлар сатылымға шықты

Германияда Ангела Меркель бейнесіндегі ойыншық аюлар сатылымға шықты, деп хабарлайды washingtonpost.

Шектеулі коллекцияны Hermann-Spielwaren компаниясы шығарды. Бұл - Германия Канцлерінің зейнетке шығуына орай компанияның қоштасу сыйы. Қонжықтың таралымы небары 500 дана екен. Бір ойыншықтың бағасы - 221 доллар (шамамен 94 мың теңге).