Нұр-Сұлтанда ертең қар жауады – Қазгидромет

Қазгидромет 27 қыркүйекте бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Нұр-Сұлтан қаласында жауын-шашын күтіледі (жаңбыр қарға ауысады). Шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

27 қыркүйекте Маңғыстау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде және батысында шаңды дауыл соғады. Батыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, таулы аудандарда екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Шымкент қаласында батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында күндіз шығыстан соқттан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қарағанды облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Back to top button