Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
Синоптиктер 26 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады. 26 қыркүйекте Қостанай облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші түнде облыстың солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, облыстың солтүстігінде 23-28 м/с. Алматы облысының солтүстігінде 2°С үсік сақталады. 26 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының солтүстік аудандарында шаңды дауыл күтіледі, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау облысында солтүстік-батыстан батысқа ауысып жел соғады, күндіз батыста 15-20 м/с болады. Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 15-20 м/с. 26 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында күндіз найзағай, шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың орталығында күші 15-20 м/с сақталады. Төтенше өрт қаупі сақталады. Күндіз 26 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шанды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. 26 қыркүйекте Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде және орталығында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады. Облыстың батысында және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Нұр-Сұлтан қаласында 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз шығыстан соғатын желдің екпіні 15-18 м/с жетеді. Ақтөбе облысында желдің бағыты оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15 м/с күтіледі. Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстік-шығысында тұман күтіледі. Таңертең және күндіз облыстың басым бөлігінде шығыстан жел соғады.