Иманбекке ескерткіш қойып, фильм түсіру ұсынылды

Иманбекке ескерткіш қойып, фильм түсіру ұсынылды

Иманбекке ескерткіш қойып, фильм түсіру ұсынылды
ашық дереккөзі
Павлодар облысында аймақ әкімінің қатысуымен Жастар бастамаларын дамыту орталығында өткен креативті индустрия жұмыскерлерімен кездесуде жаңа шығармашылық орталығын ашу, креативті кәсіпкерлерді қолдау және Иманбек пен Скриптониттің жетістіктері сөз болды, деп хабарлайды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. Индустрияны дамыту жөніндегі республикалық жобалық кеңсе жетекшісі Жумин Данат қазіргі кезде креативті индсутрияны дамыту концепциясы құрастырылып жатқанын айтты. - Бұл жұмыстың басты мақсаты – ұлттық экономиканы дамыту, мүмкіндік болса, неге шығармашылық арқылы пайда таппасқа, - деп атап өтті Данат Жумин. – Бүгінгі таңда креативті индустрия қазақстандық ЖІӨ-ің 2,3%-ын құрайды. Бұл салада еліміздегі жұмыскерлердің 3,6%-ы қызмет етеді. Әзірше біздің заңнамада креативті индустрияның нақты анықтамасы жоқ, яғни, бұл дегеніміз онымен айналысатын өкілетті орган мен саланы дамытудың нақты саясаты да жоқ деген сөз. Сондай-ақ, мемлекеттік қолдау шаралары креативті индустрия саласына бағытталмаған, бұл салада білікті мамандар да жетіспейді. Аймақ басшысы бірден шығармашылық орталықтың директорына конкурс жариялады. Әбілқайыр Сқақов бұл лауазымға өз кәсібі бар, қатып қалған шенеунік сияқты емес, шығармашыл адам болуы керегін айтты. Кездесу соңында павлодарлық креативті индустрия саласының қызметкерлері идеяларын айтты. Мәселен, Ақсу қаласының тұрғындары "Грэмми" музыкалық премиясының номинациясын жеңіп алған жерлестері – диджей әрі продюсер Иманбек Зейкеновтің құрметіне ескерткіш қоюды ұсынды. Әкім бұл ұсыныс қаралатынын айтып, жеке-дара күшімен жетістікке жеткен павлодарлықтардың табысқа жету жолы туралы фильм түсіруді ұсынды.