Танысын өртеп жіберген 72 жастағы зейнеткер сотталды

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының 72 жастағы тұрғыны ер адамға бензин құйып, артынан сіріңке лақтырған. Ер адам күйік алды, зейнеткерге үкім шығарылды, деп хабарлайды Liter.kz Устинка LIVE.

Оқиға биыл жазда болған.Зейнеткер біраз уақыт бойы танысымен бірге тұрған. Бір күні ер адам мас болып келген, ал зейнеткер оны пәтерге кіргізуден бас тартқан. Ал танысы кетуге асықпаған. Бір кезде зейнеткердің шыдамы таусылып, қонағына пластик бөтелкедегі бензинді құйып, жанып тұрған сіріңкені лақтырған.

Сотта зейнеткер ер адамға бензин құйғанын мойындады, бірақ өртемегенін айтқан. Оның айтуынша, зардап шеккен адамды басқа біреу өртеп жіберген.

72 жастағы әйел үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Back to top button