Жаңалықтар

Бас санитар дәрігерді сотқа берген 35 адамның шағымы бойынша шешім шықты

ашық дереккөзі

Бас санитар дәрігерді сотқа берген 35 адамның шағымы бойынша шешім шықты

Бас санитар дәрігерді сотқа берген 35 адамның шағымы бойынша шешім шықты, деп хабарлайды Sputnik.kz. Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік сотына 35 адам арызданған. Барлығы бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысындағы талаптарды заңсыз деп тануды талап еткен. Сот материалдарына сәйкес, арызданушылар вакцина алмаған жұмыскерлер үшін міндетті ПТР-тест енгізу, профилактикалық екпе жасау, сондай-ақ вакцина салдырмағандарды жұмысқа кіргізбеу сияқты тармақтарды заңсыз деп санайды. Әкімшілік сот бас мемлекеттік санитар дәрігер шығарған қаулылардың бір бөлігін заңсыз деп тану және күшін жою туралы шағымды қанағаттандырудан бас тартты. "Сот қаулыларды шығару кезінде заңнама нормаларының бұзылуын анықтаған жоқ. Азаматтардың еңбек құқықтары бұзылмаған, өйткені COVID-19-ға қарсы вакциналанбаған жұмыскер кепілдендірілген еңбек құқықтарын сақтайды, еңбек функцияларын қашықтан жүзеге асыруға рұқсат етіледі. Ол үшін қажетті жағдайлар жасалуда", - делінген сот үкімінде. "Анықталған мән-жайлардың бәрін, жалпы әлемдік инфекциямен күресуге бағытталған шараларды қабылдаудың қажеттілігін ескере келіп, сот бас санитар дәрігердің қаулыларын заңсыз деуге негіз жоқ деп тапты", - деді судья.