Атырау мен Маңғыстауда шаңды дауыл көтерілді

Атырау мен Маңғыстауда шаңды дауыл көтерілді

Атырау мен Маңғыстауда шаңды дауыл көтерілді
ашық дереккөзі

Атырау мен Маңғыстау облысының Бейнеу ауданында шаңды дауыл көтерілді, деп хабарлайды lada.kz.

Маңғыстауда күндізгі ауысымда оқитын 8451 оқушы мектепке бара алмады.
"Мектеп оқушыларының сабағы онлайн форматқа ауыстырылды. Оқушылардың үйден шықпауын қадағалауыңызды сұраймыз. Қолайсыз ауа райына байланысты аудан аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар автожолдарда полиция экипажы күшейтілген жұмыс режиміне ауысты", - деді Бейнеу ауданының әкімдігі.
Екпіні секундына 17-22 метр болатын қатты жел Атырау қаласында да болды. Өңірдің төтенше жағдайлар департаменті қалалықтардан сақ болуды сұрайды. Кеше кешке Атырау облысының тұрғындары желдің күшеюі туралы хабар алды.