Жемқорлық туралы хабарлаған 5 адам 650 мың теңге сыйақы алған

Жемқорлық туралы хабарлаған 5 адам 650 мың теңге сыйақы алған

Жемқорлық туралы хабарлаған 5 адам 650 мың теңге сыйақы алған
ашық дереккөзі

Ақмола облысында ағымдағы жылдың 8 айында 37 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы онлайн брифингте өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Арман Рахимов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ, Арман Рахимов қылмыстық істерді тергеу нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жою үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 200-бабының негізінде ұсынымдар енгізілетінін хабарлады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өз жұмысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидатын басшылыққа алады. Біздің азаматтарымызды осындай құқық бұзушылықтарға тап болған кезде 1424 Сall-орталығына дереу хабарлауға шақырамын», - деп түйіндеді ол.
Айта кету керек, осы жылдың басынан бері өңірде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 5 адам 650 мың теңгеден астам сомаға ынталандырылған.