Алматыда балабақша аумағына тапаншамен кірмек болған ер адам ұсталды (видео)

Әлеуметтік желілерді  балабақша аумағына кірмек болған қолында тапаншасы бар ер адамның видеосы тарады, – деп жазды ҚазАпарат.

«Алматыда белгісіз ер адам күзетшіні тапаншамен қорқытып балабақша аумағына кірмек болған. Мектепке дейінгі мекеменің күзетшісі полиция жасағын шақырды», – дейді бейнежазба авторы.

Оқиға Наурызбай ауданының коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабабақшасында болды.

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факт Наурызбай аудандық полиция басқармасында тіркелді.

«Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде, оның ішінде қаруға меншік құқығы бар жоғы анықталады. Содан кейін заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады», – деп хабарлады полициядан.

 

Back to top button