Жаңалықтар

Қазақстанда БАҚ туралы заңдарға түзетулер жобасы жарияланды

ашық дереккөзі

Қазақстанда БАҚ туралы заңдарға түзетулер жобасы жарияланды

Қазақстанның ақпарат және коммуникация министрлігі өзінің сайтында БАҚ туралы заңнамаларға өзгертулер мен толықтырулар жобасын жариялады. Құжатқа сәйкес, журналистерді ақпараттың шынайылығын тексеріп, жеке басына қатысты мәліметтері жарияланатын адамнан немесе өкілінен оның жеке бас мәліметтерін жариялауға жазбаша рұқсат алуға міндеттеу қарастырылған. Жеке адамның ресми және ақпараттық хабарламаларда келтірілген мәліметтерін жариялауға шектеу қойылмайды. Өзгерістер төрт кодекс пен 12 заңға, соның ішінде "Жарнама туралы", "Байланыс туралы", "Ақпараттандыру туралы", "Пошта туралы" және "Телерадио хабарларын тарату туралы" заңдарға енгізу қарастырылған. Бұл заң жобасының тұжырымдамасы қыркүйекте электрондық үкімет сайтында жарияланған еді. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаевтың Facebook'тегі парақшасында хабарлауынша, 2 қарашада заң жобасы бойынша жұмысшы тобының отырысы өтеді. Оған журналистер, қоғамдық белсенділер мен мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.