- Облыс орталығында Орал трансформатор зауытында (қуаттылығы – жылына 3 мың тонна) «панельді радиаторларды дайындау» жобасы іске қосылды, сондай-ақ көлемі 5 га құрайтын жылыжай кешені және жергілікті «Квант ЖШС» жиһаз фабрикасында қуаттылығы жылына 22 мың бірлікті құрайтын цех ашылды;
- Теректі ауданында 1 мың ірі қара мал басы арналған бордақылау алаңы салынды;
- Бөрлі ауданында 600 басқа арналған сүт фермасының құрылысы аяқталды.
Жол картасының жүзеге асырылуы партияның қатаң бақылауында
Жол картасының жүзеге асырылуы партияның қатаң бақылауында
Бүгін Батыс Қазақстан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиевтің төрағалығымен «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының 2025 жылға дейінгі "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру үшін бекітілген Жол картасының орындалуы бойынша Саяси кеңесі Бюросының отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе - 2021 жылдың өткен кезеңінде Батыс Қазақстан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасының іске асырылу барысын талқылау. Сонымен қатар, Жол картасын жүзеге асыруда орындалмау қаупі бар тармақтар қаралып, ол бойынша жауапты басқарма басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Жалпы алғанда, ағымдағы жылдың 8 айында облыстық және аудандық Жол карталарының 291 іс-шаралары орындалды, яғни бес жылға жоспарланған бағдарламаның 21%-ы жүзеге асырылды.
Ең алдымен, сөз кезегі облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Сайынұлы Антазиевке берілді. Өз кезегінде, Әлібек Сайынұлы, құрылыс саласы бойынша жүзеге асырылған шаралар мен орындалмау қаупі бар шаралар жөнінде баяндады. Басқарма басшысының айтуынша, Жол картасында белгіленген шаралардың орындалмау факторларына Жобалық-сметалық құжаттардың дұрыс дайындалмауынан уақытының асып кетуінен немесе мердігерді анықтау үшін тендердің кеш өткізілуі және т.с.с мәселелерін жатқызды.
2021 жылы "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында 2500-дей пәтер салу көзделген. Ағымдағы жылдың соңына дейін 1439 пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда, қазірдің өзінде 302,035 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді.
Бүгінгі күні 232 ауылдық елді-мекенде орталықтандырылған сумен жабдықталған. 26 мыңнан астам тұрғыны бар 21 ауылдық елді-мекенде (364 км) күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта облыс бойынша 10 білім беру нысанының, 2 денсаулық сақтау нысанының, 2 мәдениет үйінің, 5 Дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің, Зачаганск кентінде балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің құрылысы жүргізілуде.
Жыл соңына дейін 786 оқушыны қамтитын 4 мектептің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар, 2021 жылы екі 160 орындық Дене-шынықтыру сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталды.
Сондай-ақ, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бауыржан Есқайырұлы Айтмағамбетов жол құрылысы бойынша орындалмау қаупі бар көрсеткіштер бойынша баяндама жасап, бағдарламада белгіленген шараларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе, іске асырылмай қалу қаупі басым екендігін жеткізді.
Ағымдағы жылы «Nur Otan» партиясы сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары – Жол картасы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар 160 км астам автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары басталды. Жол картасында барлығы 127 іс-шара қарастырылған. Оның 80-і 2021 жылы жоспарланып, 49-ы іске асырылуда, сонымен қатар 2022 жылға жоспарланған іс-шараның 8-і ағымдағы жылы басталып, іске асыру жүргізілуде.
Атқарушы органдардың есебін қорытындылай келе, өңіріміздің денсаулық сақтау саласы бойынша орындалмау қаупі бар пунктер жөнінде жауапты басқарма басшысының міндетін атқарушы Арман Талғатұлы Қалыбековке баяндама жасап, бүгінгі күні қаланың эпидемиологиялық ахуал бойынша деректерді тілге тиек етіп, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға бағытталған тармақтардың жүзеге асырылу барысын жеткізді.
Басқармалардан бөлек, Жол картасының орындалу барысы жөнінде бірқатар аудандардың (Ақжайық, Қазталов, Теректі аудандарының әкімдері мен Тасқала ауданы әкімінің міндетін атқарушы) басшылары да қысқаша баяндады.
Атап айтқанда, облыс бойынша орындалған ауқымды іс – шаралардың шеңберінде: