Жанар Айжанованың қызы кітабының тұсаукесерін өткізді
Жанар Айжанованың қызы кітабының тұсаукесерін өткізді
Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова кітап шығарды. Кітабының тұсаукесерін Алматыдағы қымбат мейрамханалардың бірінде өткізді.
Кітап тұсаукесеріне Ерке Есмахан мен AZ, Жазира Байырбекова, Жанар Айжанова, Нұрболхан Шарап, блогер Кәмила Әділхан және т.б. әншілер мен шоу бизнес өкілдері барған.
«2020 жылы мен кітап жазамын деп мүлде ойламағанмын. Ал бүгін кітабыма сұраныс көп. Өз мақсаттарыңызға жету үшін қадам жасауға қорықпаңыздар.Қателік кеткені дұрыс та. Онсыз өспейсіз», – деп жазды ол.
А.Шахмардан