Павлодар облысында қарттар үйі өртеніп, 1 адам зардап шекті
Павлодар облысында қарттар үйі өртеніп, 1 адам зардап шекті
Ақсуда қарттар үйінен өрт шығып, бір адам зардап шекті. Оқиға орнында жеке құрамнан 12 адам мен 4 техника жұмыс істеді, - деп жазды Рavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық ТЖД мәліметінше, 23 қыркүйек күні сағат 18.39-да Набережная көшесі, 27 мекенжайы бойынша Ақсу қаласының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
- Екінші корпустың бесінші қабатында №14 палатада 2 шаршы метр алаңда матрац бықсып, қатты түтін пайда болған. Өрт сөндірушілер баспалдақ маршы бойынша 4-ші және 5-ші қабаттардан 60 адамды эвакуациялады. Автосаты қолданылды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буыны бесінші қабаттағы палатаның терезесіне құрастырылған қол оқпанын берді, - деді департаментте.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін бөлімше қызметкерлері зардап шеккен 1937 жылы туған ер адамды эвакуациялады. Ол Ақсу қаласының орталық ауруханасына жатқызылды. Өрт 19 сағат 9 минутта сөндірілді. Өрттің шығуына төсекте темекі шегу себеп болған.