Байден Сәуле Омарованы АҚШ ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы лауазымына ұсынбақ

АҚШ президенті Джо Байден Корнелл университетінің Банктік құқық профессоры Сәуле Омарованы ақша айналымын бақылау басқармасының басшысы лауазымына ұсынуды жоспарлап отыр (Office of the Comptroller of the Currency). Бұл туралы Forbes.kz 22 қыркүйекте The Wall Street Journal-ға сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан тумасы Омарованың кандидатурасы осы аптада ұсынылуы мүмкін, дейді ақпарат көздері. Омарова 1863 жылы құрылған OCC басқарған алғашқы әйел болады.

OCC – АҚШ банк секторының негізгі реттеушісі, АҚШ Қаржы министрлігінің Тәуелсіз бөлімшесі. Жалпы активтері 1200 трлн . Бұл – елдегі банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісі.

Омарова қаржы технологияларымен айналысатын компанияларды реттеуге қатысты қатаң позиция ұстанады деген болжам бар.

Back to top button