Оралда 1 айлық баласын сатып жіберген әйел ұсталды

Оралда 28 жастағы әйел өзінің сәбиін сатып жіберген. Ол ауылдық жерде тұратын ерлі-зайыптылармен өзара уағдаласқан көрінеді, – деп хабарлайды «Хабар24».

Нәрестенің туғанына бір ай болған. Қылмыс туралы полиция қызметіне әлдекімнен хабарлама келіп түскен. Тәртіп сақшылары жедел әрекет ету нәтижесінде келіншекті ұстады. Қазір мән-жай анықталып жатыр. Полиция департаменті тергеу мүддесіне сәйкес өзге мәліметтерді беруден бас тартты.

«Қазіргі таңда ҚР ҚК 135-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Кінәлі тұлға 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Диляра Сатарова.

Back to top button