Айқын Төлепберген төрт баласына Алматыдан үй алып берді

Әнші Айқын Төлепберген төрт баласына Алматы қаласынан пәтер алып қойған. Бұл туралы ол «НТК» телеарнасының «Ревю» бағдарламасында айтты.

Әнші төрт бүлдіршінін бөліп-жармай, барлығына бірдей қамқорлық танытатынын айтады. 

Ол тіпті балаларының әрқайсысына жеке-жеке пәтер алып, баспанамен қамтамасыз етіп қойған.

«Үлкен ұлыма үй алып бердім. Балаларыма жасаған ең үлкен сыйлығым – төртеуінде де Алматы қаласында пәтер бар», – дейді ол.

А.Шахмардан

Back to top button