Шымкент қаласында "Қиял әлемі" саябағындағы аттракциондардың бірінде 55 жастағы ер адам инфаркттан көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz
"Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы 1966 жылы туған азаматтың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Алғашқы медициналық анықтамаға сәйкес, ол жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлады полициядан.
Куәгерлердің айтуынша, технопарк қызметкерлері ойын-сауық саябағында медициналық қызметкерлердің және тіпті медициналық қобдишаның болмауына байланысты алғашқы көмек көрсете алмаған.