Шымкент қаласындағы аттракционда ер адам қаза тапты

Шымкент қаласында «Қиял әлемі» саябағындағы аттракциондардың бірінде 55 жастағы ер адам инфаркттан көз жұмды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz

«Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы 1966 жылы туған азаматтың қайтыс болу фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Алғашқы медициналық анықтамаға сәйкес, ол жүрек ұстамасынан қайтыс болды. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады полициядан.

Куәгерлердің айтуынша, технопарк қызметкерлері ойын-сауық саябағында медициналық қызметкерлердің және тіпті медициналық қобдишаның болмауына байланысты алғашқы көмек көрсете алмаған.

Back to top button