Пәкістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Пәкістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады

Пәкістанда әскери ұшақ апатқа ұшырады
ашық дереккөзі
Пәкістанның әскери-әуе күштерінің оқу-жаттығу жойғыш ұшағы елдің солтүстік-батысындағы Хайбер-Пахтунхва провинциясының Мардан ауданында жаттығу ұшуын орындау кезінде апатқа ұшырады. Бұл туралы ҚазАқпарат Geo News телеарнасына сілтеме жасап жазды. Пәкістанның ӘӘК өкілінің мәлімдеуінше, ұшқыштың жағдайы белгісіз. Ұшақ құлаған жерде арнайы комиссия жұмыс істеп, оқиғаның себептерін анықтау үстінде. Осыған ұқсас апат биыл тамызда болған еді. Ол кезде Пәкістанның солтүстігіндегі Атток қаласында ӘӘК-нің екіорындық жойғышы апатқа ұшырады.