Шымкенттегі iKomek 109 қызмет аясын кеңейтті

Шымкенттегі iKomek 109 қызмет аясын кеңейтті

Шымкенттегі iKomek 109 қызмет аясын кеңейтті
ашық дереккөзі
– Мұндағы мамандар шағым кел­ген бойда тиісті мекемемен бай­ланысады. Ең бастысы, арыз­дан­ған тұрғынмен кері байланыс ор­натылып, жұмыс барысы баян­да­лып отырады, – дейді орталық бас­шысы Азат Әміртай. Қаладағы ситуациялық ор­талықта тәулік бойы 49 қызметкер жұмыс істейді. Олар­дың айтуын­ша, тұр­ғын­дардың не­гізгі мәселесі комму­нал­дық шаруа­шылық, жол, білім және қо­­ғамдық көлік тақырыбы кө­рі­неді. Шымкент қаласының әкі­мі Мұрат Әйтеновтің ті­ке­лей тапсырмасымен ашылған iKomek 109 орталығы жыл басы­нан бері 24 292 өтініш қабылда­ған. Бүгінде оның 23 415-і орын­да­лып, қанағаттандыры­лыпты. Ор­талық басшысының айтуынша, қал­ған өтініштер мен арыз-ша­ғым­дар қаралып жатыр. «Орталық қызметкерлері 1 жыл­дан астам уақыт аралығын­да жалпы 191 665 арыз-шағым қа­­­был­дап, кеңес берді. Келіп түс­кен арыз-шағымның 98 пайызы өз шешімін тапты. 150 000-нан ас­тамына кеңес беріліп, алғашқы қоңыраумен тұрғындар мәсе­ле­лері қанағаттандырылды», – дейді Азат Әміртай. Сонымен қатар мұнда тұр­ғындар өтінішін қанағат­тан­дыру үшін қаладағы 22 қа­ла­лық басқарма, 4 аудан әкімдігі, 7 де­­партамент, 32 мем­лекеттік ме­ке­мелер мен сервистік мекемелер бай­ланыстырылған. Орталық бас­шы­лығының айтуынша, тұр­ғын­дардың хабарласып, шағым айтуының нәтижесінде 371 ба­лалар ойын және спорт алаң­ша­лары реттеліп, тротуарлардағы 275 кем­шілік қалпына келтірілген. 763 құдықтың қақпағы жабылып, 81 жасанды жол кедергілері алын­ған. 1752 аула жарығы қалпына кел­тіріліп, 140 ашық трансфор­ма­тор жабылған. 97 канал тазар­тылып, 611 жолақ сызылып, жол ке­дергілері қойылған. «Орталық мамандарынан құрылған мониторинг тобы 650-ден астам жауапты мекемелер орын­дамаған мәселелерді анық­та­ды. Бүгінде iKomek 109 қызмет көрсету аясын тұрақты түрде кеңей­туде. Ашылғаннан бері ор­та­лық қоғамдық көліктердің мо­­ниторингін, «Төлем» жүйесі бойын­ша арыздарды қарастыр­а­тын және сұрақтарға жауап беретін колл-орталық, тұр­ғын­дарға түрлі жағдайлар бойынша психологиялық кеңес беріп келеді. Қуанарлығы, орталық пси­хо­лог­тары екі бірдей адамның өмірін сақтап қалды. Соны­мен бірге вакцинация бойынша ақ­па­рат алу, 109-ға хабарласып, жалпы тәжірибелік (терапевт) дәрігерге жазылу, жоғалтып не тауып алған заттар туралы ақ­парат ала алатын бірыңғай байланыс орталығы бо­­лып табылады», – дейді орта­лық басшысы. Сондай-ақ @ikomek109.shymkent – қала тұрғын­дары­ның қоғамдық көліктерде, адам­дар көп шоғырланған және та­ғы басқа жерлерде заттарды тауып алған немесе жоғалтып ал­­ған адамдарды дел­далсыз бай­ла­ныстыратын орталық. Себебі соңғы уа­қытта мұнда тұрғындар тарапынан жоғалған затын іздеп хабарласушылар көбейген. Осы жылы орталық қызметкерлері жауапты мекемелермен бірлесе оты­рып мегаполис тұрғын­дары­ның 592 жоғалған затын тауып берген. Атап айтқанда, 217 сөмке, 144 әмиян, 129 құжаттары бар файлдар, 15 сағат, 6 ұялы бай­ла­ныс құралы, 4 ноутбук, 3 домбыра, 2 аяқкиім және 72 тө­лем карталар та­былды. Табылған төлем кар­та­ларды, құжаттарды орта­лық­тың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы @ikomek109.shymkent-те Stories ретінде салы­на­ды. Азаматтар жоғалтқан құ­жат­тарын сол жерден көре алады.

Назгүл НАЗАРБЕК

Шымкент қаласы