Шымкенттегі iKomek 109 қызмет аясын кеңейтті

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, халықпен кері байланыс орнатуды күшейту үшін Шымкент қаласы әкімінің бастамасымен осыдан 1 жыл бұрын «Айкөмек-109» орталығы ашылған болатын. Бүгінде орталық қала тұрғындарын жергілікті билік өкілдерімен байланыс орнатуда тиімді жұмыс нәтижесін көрсетіп отыр. Орталық тәулігіне 24 сағат демалыссыз қызмет етіп, азаматтардың өтініші бойынша әлеуметтік мәселелерді шұғыл шешумен айналысады. Бір жылда 150 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның 98 пайызы бүгінгі күнге дейін шешімін тауыпты. Одан бөлек, қала әкімі бастаған басшылық құрам апта сайын әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдары арқылы тікелей эфирге шығып, халық сұрағына жауап беріп отырады.

– Мұндағы мамандар шағым кел­ген бойда тиісті мекемемен бай­ланысады. Ең бастысы, арыз­дан­ған тұрғынмен кері байланыс ор­натылып, жұмыс барысы баян­да­лып отырады, – дейді орталық бас­шысы Азат Әміртай.
Қаладағы ситуациялық ор­талықта тәулік бойы 49 қызметкер жұмыс істейді. Олар­дың айтуын­ша, тұр­ғын­дардың не­гізгі мәселесі комму­нал­дық шаруа­шылық, жол, білім және қо­­ғамдық көлік тақырыбы кө­рі­неді.
Шымкент қаласының әкі­мі Мұрат Әйтеновтің ті­ке­лей тапсырмасымен ашылған iKomek 109 орталығы жыл басы­нан бері 24 292 өтініш қабылда­ған. Бүгінде оның 23 415-і орын­да­лып, қанағаттандыры­лыпты. Ор­талық басшысының айтуынша, қал­ған өтініштер мен арыз-ша­ғым­дар қаралып жатыр.
«Орталық қызметкерлері 1 жыл­дан астам уақыт аралығын­да жалпы 191 665 арыз-шағым қа­­­был­дап, кеңес берді. Келіп түс­кен арыз-шағымның 98 пайызы өз шешімін тапты. 150 000-нан ас­тамына кеңес беріліп, алғашқы қоңыраумен тұрғындар мәсе­ле­лері қанағаттандырылды», – дейді Азат Әміртай.
Сонымен қатар мұнда тұр­ғындар өтінішін қанағат­тан­дыру үшін қаладағы 22 қа­ла­лық басқарма, 4 аудан әкімдігі, 7 де­­партамент, 32 мем­лекеттік ме­ке­мелер мен сервистік мекемелер бай­ланыстырылған. Орталық бас­шы­лығының айтуынша, тұр­ғын­дардың хабарласып, шағым айтуының нәтижесінде 371 ба­лалар ойын және спорт алаң­ша­лары реттеліп, тротуарлардағы 275 кем­шілік қалпына келтірілген. 763 құдықтың қақпағы жабылып, 81 жасанды жол кедергілері алын­ған. 1752 аула жарығы қалпына кел­тіріліп, 140 ашық трансфор­ма­тор жабылған. 97 канал тазар­тылып, 611 жолақ сызылып, жол ке­дергілері қойылған.
«Орталық мамандарынан құрылған мониторинг тобы 650-ден астам жауапты мекемелер орын­дамаған мәселелерді анық­та­ды. Бүгінде iKomek 109 қызмет көрсету аясын тұрақты түрде кеңей­туде. Ашылғаннан бері ор­та­лық қоғамдық көліктердің мо­­ниторингін, «Төлем» жүйесі бойын­ша арыздарды қарастыр­а­тын және сұрақтарға жауап беретін колл-орталық, тұр­ғын­дарға түрлі жағдайлар бойынша психологиялық кеңес беріп келеді. Қуанарлығы, орталық пси­хо­лог­тары екі бірдей адамның өмірін сақтап қалды. Соны­мен бірге вакцинация бойынша ақ­па­рат алу, 109-ға хабарласып, жалпы тәжірибелік (терапевт) дәрігерге жазылу, жоғалтып не тауып алған заттар туралы ақ­парат ала алатын бірыңғай байланыс орталығы бо­­лып табылады», – дейді орта­лық басшысы.
Сондай-ақ @ikomek109.shymkent – қала тұрғын­дары­ның қоғамдық көліктерде, адам­дар көп шоғырланған және та­ғы басқа жерлерде заттарды тауып алған немесе жоғалтып ал­­ған адамдарды дел­далсыз бай­ла­ныстыратын орталық. Себебі соңғы уа­қытта мұнда тұрғындар тарапынан жоғалған затын іздеп хабарласушылар көбейген. Осы жылы орталық қызметкерлері жауапты мекемелермен бірлесе оты­рып мегаполис тұрғын­дары­ның 592 жоғалған затын тауып берген. Атап айтқанда, 217 сөмке, 144 әмиян, 129 құжаттары бар файлдар, 15 сағат, 6 ұялы бай­ла­ныс құралы, 4 ноутбук, 3 домбыра, 2 аяқкиім және 72 тө­лем карталар та­былды. Табылған төлем кар­та­ларды, құжаттарды орта­лық­тың Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасы @ikomek109.shymkent-те Stories ретінде салы­на­ды. Азаматтар жоғалтқан құ­жат­тарын сол жерден көре алады.

Назгүл НАЗАРБЕК

Шымкент қаласы

Back to top button