Жаңалықтар

"1 күн ішінде 1-орынға шығардық": Жасотандықтар Димаш Құдайбергенді қолдау үшін челлендж бастады

ашық дереккөзі

"1 күн ішінде 1-орынға шығардық": Жасотандықтар Димаш Құдайбергенді қолдау үшін челлендж бастады

19 қыркүйекте «Jas Otan» Жастар қанатының белсенділері әлеуметтік желілерде «King Choice» рейтингінде Димаш Құдайбергенді қолдау үшін #JasOtanQoldaidy акциясын іске қосты. «Jas Otan» төрағасы Нұржан Жетпісбаев әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды отандасымызға дауыс беруге шақырды. Бұл үндеу жасотандықтар арасында #JasOtanQoldaidy атты челленджге ұласты. Челлендж басталған күні қазақстандық әнші BTS тобының солистінен кейін орын алған, қазіргі уақытта 5 294 812 дауыспен бірінші орында тұр. «Күн сайын еліміздің жастары шыңдарды бағындыруда. Мысалы, қазақстандық шахматшы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік төрт дүркін әлем чемпионы және қазіргі уақытта ең үздік шахматшы-қытайлық Хоу Ифаньді жеңіп алды. Әрине, бұл шыңдарға отандастарымыздың қолдауы арқасында қол жеткізіледі. Сіздерді қазақстандық жастардың тағы бір өкілі, тамаша дауыс иесі - Димаш Құдайбергенді қолдауға шақырамын. Қазақстандықтардың ортақ күш-жігерімен біз байқауда жеңіске жетуге көмектесеміз деп сенемін!»,- деп жазды Нұржан Жетпісбаев. «Jas Otan» белсендісі Бошарина Лаура акцияның Жастар қанаты өкілдері арасында нағыз қозғалысқа айналғанын атап өтті. Жасотандықтар әлеуметтік желілерде қазақстандықтарды әншіге дауыс беруге белсенді шақыруда.