Ақтөбе облысында 2 200-ден аса тұрғын газбен қамтылды

Ақтөбе облысында 2 200-ден аса тұрғын газбен қамтылды

Ақтөбе облысында 2 200-ден аса тұрғын газбен қамтылды
ашық дереккөзі

Ырғыз ауданы Ақши ауылының тұрғындары былтыр «Nur Otan» партиясы филиалының бірінші орынбасары Марат Тұрымовтың қабылдауында болып, ауыл көгілдір отынмен қамтамасыз етілсе деген өтініш айтқан.

Ырғыз ауданын газдандыру – үлкен мәселе. Бұған дейін газ тек екі ауылда ғана болған. Бүгін Мемлекет басшысының ауылды дамыту, халықтың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмасына сәйкес тағы үш ауыл газдандырылды. Атап айтқанда, Ырғыз ауданының Ақши, Құрылыс және Шеңбертал ауылдарының 2 200-ден аса тұрғыны газбен қамтылды. Ауданға жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Оңдасын Оразалин ауыл тұрғындарын құттықтады. Өңір басшысы сонымен қатар үй-үйді аралаған.
– Осы арқылы қаншама тұрмыстық проблемадан арыламыз. Қуанышымызда шек жоқ. Үлкен арманымыз орындалды. Сол үшін Мемлекет басшысына, облыс әкіміне алғыс айтамыз, – деп ризашылық білдірді Ақши ауылының тұрғындары.