Ұялы телефонын тоққа қойып ұйықтап қалған Павлодар тұрғыны өртеніп кете жаздады

Ұялы телефонын тоққа қойып ұйықтап қалған Павлодар тұрғыны өртеніп кете жаздады

Ұялы телефонын тоққа қойып ұйықтап қалған Павлодар тұрғыны өртеніп кете жаздады
ашық дереккөзі

Тоқта тұрған ұялы телефон Павлодар тұрғынының өмірін қия жаздады, деп хабарлайды ASTANA телеарнасы.

Биыл тілсіз жау 250 адамның өмірін қиған. ТЖ қызметкерлері пештер мен электр құрылғыларын қараусыз қалдыруға болмайтынын айтады. Мысалы, телефонын тоққа қойып, ұмытып кеткен павлодарлық өз төсегінде өртеніп кете жаздаған.
Павлодар тұрғыны ұялы телефонын тоққа қойып, ұйықтап қалған. Түнде телефон өртенген, тұрғын күйіп қалған. Әрқашан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау керек, - дейді  ТЖМ өртке қарсы қызмет Комитеті басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев.