+997 байланыс кодына көшу үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінеді?

+997 байланыс кодына көшу үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінеді?

+997 байланыс кодына көшу үшін бюджеттен қанша қаражат бөлінеді?
ашық дереккөзі

+997 кодына көшу үшін мемлекеттік бюджеттен қаражат бөлінбейді. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Байланыс жүйесіндегі қажетті өзгерістерге керек шығындар операторлардың өз есебінен жүргізіледі деді ведомство өкілдері. Қазақстан екі жыл ішінде толықтай дербес телефон кодына өтеді деп жоспарланған.
 - Жаңа кодты пайдалану 2023 жылғы қаңтар айынан басталады және 2025 жылғы қаңтарға дейін екі код: +7 және +997 коды бірге қолданылады: халыққа ыңғайлы болу үшін, - дейді Гүлнар Бөкеева ЦДИАӨМ байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаментінің директоры.