Жаңалықтар

Ақтөбеде егіннің жартысынан астамы күйіп кеткен

ашық дереккөзі

Ақтөбеде егіннің жартысынан астамы күйіп кеткен

Ақтөбе қаласы маңына биыл 7 мың гектар жерге дәнді дақыл себілді. Оның 4,5 мың гектары күйіп кетіп, жарамсыз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Дән уақытылы себіліп, жұмыс жоспарға сай жүргенімен маусымда күн қатты ыстық болды. Жаңбыр жаумады. Мұның бәрі кері әсерін тигізді. Шаруа қожалық басшылары 4,5 мың гектар жерді есептен шығарды. Ол жерге комбайн жіберудің де қажеті болмады. Тамыз айында 2,4 мың гектар жер орылды. Түсімі 2,2 центнер. Қазір 500 тонна ғана дәнді дақыл жиналды. Былтыр 6 мың тонна жинап жүр едік. Соған қарамастан мал азығын жинап жатырмыз. Көпжылдық шөп, жоңышқа өсірдік. Мұнда да биыл гектарынан 1,5 центнер жиналды. Өткен жылмен салыстырғанда екі есе аз», - деді Ақтөбе қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Мұрат Тоқболатов. Ол, сонымен қатар майлы дақылдардың шығымы да көңіл көншітпейтінін айтады. Айта кетейік, биыл мал ағызының бағасын төмендету үшін бюджеттен 6 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді.