23 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болды?

23 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болды?

23 қыркүйекте қандай маңызды оқиғалар болды?
ашық дереккөзі
1992 жылы  Қазақстан Республикасы мен Колумбия Республикасының арасында дипломатиялық қатынас орнады; 1993 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан басшылары Орталық Азияда Экономикалық одақ құру туралы келісімге қол қойды; 1994 жылы Ақмола университетіне Сәкен Сейфуллин есімі берілді; 1998 жылы Алматыда кеңес және қазақ композиторы, Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ эстрада музыкасының дамуына үлес қосқан Әсет Бейсеуовке ескерткіш орнатылды; 2005 жылы Ақтөбеде Әлия Молдағұлованың мемориалдық кешені ашылды; 2009 жылы Талдықорғанда Қабанбай батыр ескерткіші салтанатты түрде ашылды.