Бразилия президентін вакцина салдырмағаны үшін мейрамханаға кіргізбеген

Вакцина салдырмаған Бразилия президенті мейрамханаға кіре алмаған, деп хабарлайды regnum.

Бразилия президенті Джейр Болсонару БҰҰ Бас ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған. Қалада ол бразилия тағамдарын пісіретін мейрамханаға барғысы келіпті, бірақ ішке кіре алмады: мейрамхана әкімшілігі оны коронавирусқа қарсы вакцина алмағаны үшін ішке өткізбеді.

«Біз оны кіргізе алмас едік: бұл – заңға қайшы», – деді мейрамхана менеджері.

Back to top button