Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілді
ашық дереккөзі

Осы жылдың қыркүйек айынан бастап, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 447-3-тармағын алып тастау бөлігінде енгізілген өзгерістері заңды күшіне енді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.

Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген болатын.
Әлеуетті өнім жеткізушілер қосымша салық есептілігін ұсынған және олардың қаржылық тұрақтылығы көрсеткіштерінің және (немесе) төленген салықтардың өзгеруіне әкеп соғатын салықтарды төлеген жағдайда, мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтерін веб-порталда жаңарту енгізу мүмкіндігі алынып тасталды.
Қағиданың аталған тармағы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 25 тамыздағы № 863 бұйрығымен алынып тасталды және 2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап күшіне енді.
«Осыған байланысты, Қағиданың 447-2 тармағына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы туралы мәліметтері веб-порталда қолдану жылының алдындағы жылдың 1 қазанынан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде бір рет жаңартылып отырады. Яғни, 2021 жылдың 1 қазанынан кешіктірілмей 2020 жылдың мәліметтері енгізіледі», деп атап өтті МКК-де.